Ақ бидай

30 қыркүйекте Сергеевка қаласының «Ақ бидай» стадионында 2009 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында күзгі кросстан аудандық жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жеңіл атлетиканы дәріптеу, білім алушылардың дене белсенділігін дамыту және облыстық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшыларды анықтау.
Жарысқа мектеп оқушылары қатысты:
Вероника Пук – 11-сынып;
Юрий Бунда – 10-сынып;
Ярослав Шишков – 9-сынып;
Анастасия Рыбачек– 9-сынып;
Айым Бейсемби– 7-сынып;
Семён Мельников – 7-сынып;
Геннадий Топорков– 6-сынып;
Екатерина Пук – 5-сынып.
Оқушылар мектеп намысын лайықты қорғап, өздерінің төзімділігін, мақсатқа ұмтылысын және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Юрий Бунда II орынға ие болды.
Юрийді жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта спорттық жетістіктер, жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: И.С. Шишков

Дата публикации: 30.09.2026