Қауіпсіз әрі бақытты жаз басталады!

Қауіпсіз әрі бақытты жаз басталады!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз, белсенді әрі пайдалы демалысын ұйымдастыруға бағытталған «Қауіпсіз әрі бақытты жаз» акциясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл мереке әрбір балаға қамқорлық көрсетудің, олардың құқықтарын, денсаулығы мен амандығын қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған көңілді сайқымазақ балаларға қызықты бағдарлама ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен күлкі сыйлады.
Іс-шара аясында оқушылардың қатысуымен «Қауіпсіз жаз» атты жарқын флешмоб өткізілді. Оқушылар көшеде, суда, тұрмыста және демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Жазғы демалыс баршаңызға тек қуаныш, жаңа әсерлер, қызықты жаңалықтар мен ұмытылмас сәттер сыйласын!
Барлық оқушыларға көңілді, қауіпсіз әрі бақытты жазғы демалыс тілейміз!

Дата публикации: 01.06.2026