- өзін-өзі бағалау 2022 - 2023 жылы
- өзін-өзі бағалау
- «Балдәурен» шағын орталығы
- Қамқоршылық кеңесі
- Директор блогы
- Мектеп тарихы
- Мемлекеттік қызметтер!
- Жаңалықтар
- Оқу мектебі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
- ЖАС САРБАЗ КЛУБЫ
- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
- Мектепте тамақтану
- Біртұтас тәрбие
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
- Өзін – өзі бағалау
- "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" республикалық акциясы
16 қазанда «Балалардың қауіпсіздігі және суицидтің алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: ата-аналардың балалардың психологиялық саулығы, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және отбасында қауіпсіз әрі сенімді қарым-қатынас ортасын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыру.
Жиналыс барысында ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына, эмоционалдық қолайсыздық белгілерін дер кезінде анықтауға және өмірлік қиын жағдайларда балаға қажетті қолдау көрсетуге ерекше назар ми аударылды.
Педагог-психолог балалардың эмоционалдық саулығы, баланы қалай тыңдап, түсіну керектігі, сондай-ақ оған қажетті көмек пен қолдауды уақытылы көрсету жолдары туралы баяндады.
Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығы — баршамызға ортақ жауапкершілік!
