АТА-АНАЛАР, СІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН!

📌АТА-АНАЛАР, СІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН!
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
Біздің Орталықтың қызметкерлері сіздерге "Балалар мен жасөспірімдердің дәрі-дәрмекпен улануын қалай болдырмауға болады" атты жадынама 📝дайындады.
Онда біз қарапайым, бірақ өте маңызды ұсыныстарды атап өттік:
🔹 дәрілік препараттарды қауіпсіз сақтау;
🔹балаңыздың эмоционалды жағдайына мұқият қарау.
🧠 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚ-ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢ:
* Жасөспірімдер көбінесе импульсивті әрекеттерге бейім.
* Дәрі-дәрмектерге қол жетімділікті шектеу-бұл қажетті және міндетті қауіпсіздік шарасы!
* Көңіл бөлу, сенім арту және баламен ашық сөйлесу- бұл қайғылы жағдайдың алдын-алудың жақсы шарасы.
☎️ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ (жасырын, тәулік бойы):
📞 8 800 080 85 39
📞 8 800 080 81 50
Егер сіз баланың мінез — құлқына алаңдасаңыз, оның эмоционалды жағдайына күмәндансаңыз немесе әңгімені қалай бастау керектігін білмесеңіз-қолдау сұраңыз. Бұл әлсіздіктің белгісі емес, бұл сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі.
❤️ Балаларыңызға қамқорлық жасаңыз. Сіздің бүгінгі зейініңіз - олардың ертеңгі қауіпсіздігі.

Дата публикации: 06.11.2025