- өзін-өзі бағалау 2022 - 2023 жылы
- өзін-өзі бағалау
- «Балдәурен» шағын орталығы
- Қамқоршылық кеңесі
- Директор блогы
- Мектеп тарихы
- Мемлекеттік қызметтер!
- Жаңалықтар
- Оқу мектебі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
- ЖАС САРБАЗ КЛУБЫ
- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
- Мектепте тамақтану
- Біртұтас тәрбие
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
- Өзін – өзі бағалау
- "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" республикалық акциясы
7-сыныпта орыс, қазақ және ағылшын тілдері пәндері бойынша «Мәтіннен комикске: Жанқожаның ерекше саяхаты» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақ шығармашылық редакция форматында ұйымдастырылып, әр оқушы автор, сценарист және редактор рөлін атқарды. Б. Ұзақовтың «Жантаза» шығармасы негізінде оқушылар оқиғалардың ретін анықтап, етістіктің әртүрлі райларын қолдана отырып, кейіпкерлердің репликаларын құрастырды, ағылшын тілінде диалог құрды және қазақ тілінде оқиғаның әрі қарай дамуын болжады. Сабақ барысында «Адал азамат» бағдарламасының «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын жүзеге асыруға, тілдер мен ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға ерекше көңіл бөлінді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде әр оқушы өз үлесін қосқан үш тілдегі комикс-альбом жасалды. Үш пәннің кіріктірілуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік дағдыларын, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
