Жарақат алма, жолда үлгі бол!

Бүгін мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімі Шишков И.С., учаскелік инспектор Сакашов А.С. және аға тәлімгер Камзина А.Б.-ның ұйымдастыруымен «Жарақат алма, жолда үлгі бол!» ұранымен ЮИД жасағының қызықты сайыстары өтті. Қатысушылар жол қозғалысы ережелерін жетік білетіндерін, ептіліктері мен шапшаңдықтарын, зейінділіктерін көрсете білді. Оқушылар кедергілерді қызығушылықпен еңсеріп, жол жағдайларына байланысты тапсырмаларды шешіп, жолда жауапты болудың маңызын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік сезімін дамытады.
Қауіпсіздік – өз қолымызда!

Дата публикации: 30.04.2025