Мектеп жанындағы лагерьде

18 маусымында көркем-эстетикалық бағыттағы мектеп жанындағы жазғы лагерьде
«Достық күні» өткізілді.
Мақсаты: достықты бағалай білуге үйрету, қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Бұл тамаша күні балалар түрлі ойындар ойнады, достар туралы әндер мен өлеңдерді еске түсірді, достық ережелерін қайталап,
«Кім кіммен дос?» атты викторина өткізді.
Іс-шара барысында балалар бір пікірге келді – достық – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі.
Шара «Мысық Леопольдтің шытырман оқиғалары» мультфильмін тамашалаумен аяқталды.
Балаларымызға шынайы әрі адал ДОСТАР тілейміз!

Дата публикации: 18.06.2025