«Құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалар қауіпсіздігі. Жеке шекаралар»

7 қараша күні 5, 6 және 7, 9-сынып оқушыларымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалар қауіпсіздігі. Жеке шекаралар» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар мінез-құлық ережелерін сақтау, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алу маңыздылығын талқылады, сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларда өздерінің құқықтары мен жеке шекараларын қорғау жолдарын үйренді.
Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында оқушылар оқыту бейнеролигін көріп, кейін талқылау жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өзіндік санасын дамытуға және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

Дата публикации: 07.11.2025