Қолдау аумағы

21 қыркүйекте педагог-психологтың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен құрдастарына өзара көмек көрсету, эмоционалдық қолдау және сындарлы қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған «Қолдау аумағы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Оқушылардың ата-аналарына ата-аналар чаттарына «Баланың көңіл-күйі өзгерсе» атты ұсынымдар жолданды. Мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдердегі болуы мүмкін эмоционалдық өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру және оларға уақтылы қолдау көрсету тәсілдерін ұсыну.

Дата публикации: 21.09.2026