«Сенімділік пен әл-ауқат аумағы»

6 сәуірде «Сенімділік пен әл-ауқат аумағы» тақырыбы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға, білім алушылардың жағымды өзін-өзі қабылдауын және өмірге құндылықтық қатынасын қалыптастыруға, өмірге төзімділікті, эмоционалдық тұрақтылықты және күйзеліс пен қиын өмірлік жағдайларды конструктивті түрде еңсеру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізілді.
Осы мақсатта 8–9 сынып оқушыларымен педагог-психолог «Мен сені сүйемін, өмір» тақырыбында тренинг өткізді.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің ішкі ресурстарын дамыту, қиындықтарды еңсеру қабілетін қалыптастыру, өмірге деген жағымды көзқарасты нығайту және белсенді іс-әрекетке деген ынтасын арттыру.

 

Дата публикации: 06.04.2026