Ертегілер елінде

02.06.2026 ж.
​Мектеп жанындағы лагерьдің бесiншi күнi «Ертегілер елінде» деген атаумен өтті.
​Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту және халық ертегілері туралы білімдерін тереңдету; тәрбиеленушілердің шығармашылық пен актерлік қабілеттерін дамыту.
​Балалар іс-шараларға белсене қатысты. Әсіресе «Ертегі парақтарымен» атты Жайдарман (КВН) ойыны өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар ертегілер мен олардың кейіпкерлерін еске түсіріп, түрлі ойындар ойнады, сондай-ақ халық ертегілерін сахналауға қатысты. Балалар сипаттамасы бойынша кейіпкерлерді тауып, «тыңжұмбақтардың» шешуін іздеді, «сиқырлы сандықшадан» шыққан ертегі заттарын танып білді. Барлық қатысушылар өздерінің жоғары эрудициясы мен көп оқитындықтарын көрсетті. Олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер алып, ертегі әлемімен бірге демалды.
​Бұл күн өте жарқын әрі әсерге толы болды. Көпшілік көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуат алды!

Дата публикации: 02.06.2026