ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

1 қыркүйек күні КММ «Октябрь орта мектебінде» Шал ақын ауданы ПБ ГЗЖН инспекторы Абильмажинов Айдар Серикович 11-сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында адалдық, жауапкершілік, заңдарды сақтау және құқыққа сай мінез-құлық тақырыптары қозғалды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігіне, сондай-ақ айналасындағылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер жастардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және заңға бағыну, адалдық пен өзгелерге құрмет көрсету — лайықты азаматтың негізі екенін түсінуге ықпал етеді.

Дата публикации: 02.09.2026